k-pop

JYP жанкүйерлері Big Hit-тің барын ұмытқан ба?

Ақпанның 11 жұлдызында JYP компаниясы 5 мэмберден құралған жаңа «ITZY» тобының алғашқы бейнебаянын YOUTUBE желісіне жүктеді.

«Itz different» альбомымен дебют жасаған қыздар «Dalla Dalla» әніне түсірілген бейнебаянмен k-pop әлеміне қадам басты. Алғашқы қадамдары сәтті жасалды да! Өйткені, бейнебаян YOUTUBE желісіне жүктелген сәттен бастап 24 сағат аралығында жинаған қаралым «дебют жасаған жаңа топтар ішіндегі ең үздік к-поп тобы» дәрежесін бірден қоржындарына жиып берді. Бірақ, бұл аталмыш топтың соңғы жетістігі емес. Өйткені, араға үш күн сала жиналған қаралымның 41000000-нан асуы — дебют жасағандарына бір апта да толмаған жас топ үшін үлкен көрсеткіш. Оның үстіне, Itunes бағдарламасы бойынша «Itz different» альбомы әлемнің он елінде көш бастап тұр. Қатарында k-pop майталмандары көз тіккен Жапония, Тайланд, Сингапур елдері де бар. Тіпті, желі қолданушылары ITZY 2019 жыл қорытындысы бойынша «Ең үздік дебют» жүлдесін иеленеді деген де пайым бар. Бірақ, JYP жанкүйерлері Big Hit-тің барын ұмытқан ба?

 

Айтып өтетін жайт, Big Hit компаниясы BTS-тің ізін жалғаушы TxT тобының дебютын 2019 жылдың І жартыжылдығына жоспарлаған еді. Ендеше, өз қатарластарын шаң қаптырып, алдыңғы буын TWICE тобы салып өткен дара жолды қайталап, жүлде соңынан жүлдені қанжығалап келе жатырған ITZY тобына TxT жақсы қарсылас бола алар ма?

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close