Жаңалықтар

Димаш Құдайбергенов келесі кезеңде халық аспаптар ансамблінің сүймелдеуімен халық әнін орындайды

Қытайда «I am singer» байқауына қатысып жатқан Димаш Құдайбергенов жетінші айналымда Қазақ ұлттық өнер университетінің ансамблінің сүймелдеуімен халық әні «Дайдидау» әнін орындайды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.

«Қазақ ұлттық өнер университетінің ансамблі Қытай еліне аттанып барады, олар халық әні «Дайдидауды» сүймелдейтін болады, тамаша орындау болатынына сенімім мол. Осы шығарылым үшін ансамбль құрамына арнайы ұлттық киім тігілді, айтпақшы осы халық әні арқылы Димаш «Славян базары» байқауында жеңіске жеткен болатын. Сондықтан университет ансамблі мен Димаш Құдайбергеновке қолдау көрсетейік»- дейді Министр.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close