Жаңалықтаржоғары

Тәуекел Мүсілім: Өмірім қайта айналып келсе, сол қызға үйленер едім

Танымал актер, тележүргізуші Тәуекел Мүсілім Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін “The Эфир” жобасының жаңа қонағы болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Актер бүкпесіз сұхбатында жеке өмірі, табысы әрі шығармашылық жаңалықтары жайлы әңгімелейді.  Айтуынша, бала кезінде ол тіпті де орысша білмепті. “Бала кезде қазақи ортада өскендіктен мүлдем орысша сөйлей алмайтынмын. Әлі есімде, мұғалімім Нұрсұлу Амангелдиевна маған “1” деген баға қоятын. Сол әйтеуір жетінші сыныптан басталды бізде орыс тілі, 11-сыныпқа дейін 1, 2, 3 деп жалғастырып, соңында маған бестік баға қойып берген еді”, – деп жастық шағының естеліктерін айтты Тәуекел Мүсілім.  Оның айтуынша, шамамен екі жасында әке-шешесі ажырасыпты.

Кейін әкемнен неге ажырасқанын сұрадық. Анамның айтуы бойынша, әкем достарына жақын болған. Ол кезде біз бір комнаталық үйде тұрдық. Әкем бес-алты баламен бір бөлмеде жататын, біз асханада жататынбыз деп анам айтып отыратын. Сондай бір қиын сәттер болды. Біз көп араласа алмадық. 9-сыныпта оқып жүргенімде 3 ай бойы сол кісінің қасында Шымкентте болдым. Өз кәсібі бар. Бір түйгенім, ол кісі өте ұлтжанды, патриот кісі болған. Бауырмашыл болды, қазақтардың хал-ахуалын көтеру керек деген сияқты ойдағы адам”, – деп әңгімеледі актер әкесі жайлы.  Сұхбатта ол әкесінің қазасын қалай көтергенін, әкесіне айта алмай қалған әңгіме-сыры жайлы баяндай отырып, көзіне жас алды.  Сондай-ақ, Тәуекел Мүсілім болашақ жарына қандай талаптары бар екенін, танысқанда қандай мән беретінін айтты. “Ыстық махаббат болғанда бір адам күйеді. Ыстық махаббат болғандықтан бір-бірімізді қатты қызғана бастадық. Екеуміз екі қалада тұрдық. Сол өте қиын болды…”, – деп сырын айтты актер. Айтуынша, алдағы уақытта АҚШ-қа, Лос-Анджелеске барып, шығармашылық жолында еңбек етуді жоспарлап отыр.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close