ЖаңалықтарӘнші

Сара Амангелді: «Аузыңды жап» — деген ән дайындап жатырмын

«КЕШYOU» тобынан түлеп ұшқан Сара Амангелді жаңа ән дайындап жатыр. Ерекше ән дайып жатқан әнші жаңа әуені жайлы «Ел аузында» бағдарламасында айтып берді.

Сара Амангелді: Шынымды айтсам бірінші рет естіген кезде аузыңды жап деп таңғалып қалдым. Бұл сөзі сондай ма иә болмаса өзі солай айта салды ма деп. Одан кейін естіп қараған кезде ән өте қатты ұнады. Әннің сөзін де, әнін де жазған Мархаба Сәби. Енді дайындалып жүрмін. Құдай қаласа Киев қаласына барып, бейнебаянға дайындаламын.

Негізі әндер көп. Жіберіп жатады,таңдау көп. Бірақ менің әнді бірінен кейін бірін шығара бергім келмейді. Анаммен ақылдасып, екеуміз бірге көреміз. Маған ұнап қалса, анама ұнамай қалуы мүмкін. Анамның ақылымен, кеңесімен шығып жатқан дүние, сондықтан өз бетіммен ештеңе де жасағым да келмейді.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close