Басты жаңалықтарӘн сөздері

Нағашыларға арналған әндер

«Жұлдыздар әлемі» порталы назарларыңызға нағашыларға арналған әндерді ұсынады.

Шәмші Дүкенбаев — Нағашы

Аналардың бірге туған бауырысың нағашы,
Жиендердін сүйенетін тауысын сен нағашы,
Сендер барда жүректерге бұлт төнбейді нағашы,
Сендер келіп жиендердін қуануын қарашы!

Қайырмасы:

Шын жүректен бақыт тілеп, ак тілекті арнадың,
Жиендердін қуанышын жақсы биге жалғадың,—2 рет
Жиендердін қолдаудан еш нағашылар талмады,
Таусылмайтын, сарқылмайтын мейіріміңді арнадын,
Таусылмайтын, сарқылмайтын мейірімдісің нағашы!

Адамзаттың баға жетпес дарасысың нағашы,
Қиналғанда демеу берген жанашырсың нағашы,
Тойға келіп ақ тілекті алғаш айттың нағашы,
Нағашының әрқашанда қабыл болсын батасы!

Қайырмасы:

Шын жүректен бақыт тілеп, ак тілекті арнадың,
Жиендердің қуанышын жақсы биге жалғадың,
Жиендердің қолдаудан еш нағашылар талмады,
Таусылмайтын, сарқылмайтын мейіріміңді арнадың,
Таусылмайтын, сарқылмайтын мейірімдісің нағашы!

Клара Төленбаева — Нағашыма

Үш жұрттың ұлығы деп, ұлысы деп,
Сөзінің бұрынғының дұрысы көп.
Мен сені жақсы көрем, нағашыжан,
Ардақты анашымның туысы деп.

Аяулы інісі деп ақ мамамның,
Сырымды саған ғана ақтарамын.
Кейде бір келіп қайтсаң, жолың түсіп,
Марқайып, мақтанамын, шаттанамын.

Қайырмасы:

Жарқ етіп, жақсы аға, ақ маңдайың,
Тірей бер біздің үйге ат маңдайын.
Қараймын көкжиекке күнде тұрып,
Артыңда анам келе жатқандайын.

Бейнеңнен бір ұқасасам тапсам таныс,
Байқатпай қарай берем қалып тәріз.
Анамның қымбат жүзі түседі еске,
Көңілімнің түкпірінде жатқан алыс.

Жол қарап, келер деумен күз бе, қыс па,
Жүгірем ит үргенде түнде тысқа.
Анамды сағынғанда сені ойлап,
Өткізем алаңдаумен күнді қысқа.

Қайырмасы:

Жарқ етіп, жақсы аға, ақ маңдайың,
Тірей бер біздің үйге ат маңдайын.
Қараймын көкжиекке күнде тұрып,
Артыңда анам келе жатқандайын.

Қараймын көкжиекке күнде тұрып,
Артыңда анам келе жатқандайын.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close