ЖаңалықтарКино & Театр

Бурак Өзчевит пен Мұрат Боздың сүйіктілері түсірілім алаңында төбелесіп қалды

Белгілі түрік актрисалары Фахрие Эвжен мен Аслы Энвер жаға жыртысты.

Бұған жарнама ролигінің түсірілім алаңында Фахриенің Аслы Энверге берілер қаламақының шектен тыс көп екендігіне шамдануы себеп болған. Айта кетейік, А.Энвердің қаламақысы 1 млн түрік лирасын құраса, Фахрие Эвжен түсірілім үшін 1,5 млн лира алған.

«Мен Аслыға қарағанда әлдеқайда танымалмын» деп мәлімдеген Бурак Өзчевиттің сүйіктісі Аслы Энверді түсірілім алаңында көргісі келмейтінін айтып, тіпті Мұрат Боздың сүйіктісінің Инстаграм-парақшасындағы достар тізімінен шығып кеткен. Аслы Энвер бастапқыда оның тілмен шаққан сөздеріне сабырмен қараған. Алайда сабыры шегінен асқан Аслы актрисаға жауап берді. Екеуара ерегіс соңы төбелеске айналды.

Актрисалар арасындағы жанжал олардың жігіттерінің де достық қатынасына сызат түсірді. Аталған жанжалдан кейін Бурак Өзчивит пен Мұрат Боз араласудан қалған. Аталған жанжал Kardeşim benim (Бауырым менің) фильмі екінші бөлімінің түсірілімі алдында болып отыр. Айта кетейік, Аслы Энвер мен Мұрат Боздың ғашықтық хикаясы дәл осы фильмнің алғашқы бөлімінен басталған еді. Ал фильмнің екінші бөліміне Бурак Өзчивитпен бірге сүйіктісі Фахрие де түсуі тиіс еді. Алайда аталған жағдайдан кейін оның екінші бөлімге түсуі екіталай.

Дереккөз: 24 арна

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close