ЖаңалықтаржоғарыСпорт

Бекзат Саттарханов туралы фильм неге аяқсыз қалды?

Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбек осыдан біраз жыл бұрын өмірден өткен Бекзат Саттарханов туралы бір фильмнің шықпағанына ашынды. Журналист Сәпиевтің орнына, Саттарханов туралы фильмнің түсірілуі керектігін айтты.

Бұл туралы «Жұлдыздар әлемі» порталы хабарлайды.

«Қазақтың маңдайына сыймай кеткен Бекзат Саттарханов туралы фильм түсірілмейді де, көзі тірі Серік Сапиев туралы фильм түсірейін деп жатқанын естіп, режиссер Ақан Сатаевқа қатты ренжідім.
Оу, ағайын, неден біз сондай қатты болдық, айтыңыздаршы? Кеше Денис Тен өлгенде барлығымыз егілдік. Әлі егіліп келеміз. Егіле береміз де…
Өзімізге келгенде қатайып қалатынымызға қапаланамын.
Қазақ елін әлемге мәшһүр еткен атақты спортшыларымызды демнің арасында ұмытып кеттік.
Қалайша тез ұмыттық 2000 жылды? Сол кезде емес пе еді қарадомалақ баламыз Сидней Олимпиадасында көк туымызды желбіретіп, бізді жылатқаны. 
Бекзаттың жол апатынан қайтыс болғанына бақандай 19 жыл, «елім-жерім» деп келіп, уланып өлген Мұстафа Өзтүрік ағамыздың кеткеніне 24 жыл толуда. Неге осы екі атақты спортшымызға фильм арнамаймыз? 
Бекзаттың анасының ренжитін жөні бар. Мемлекеттен қаржы бөлініп тұрып, Халықтан ақша жинаған деген не сұмдық?
Депутат Серік Сапиев: «Ақан аға, мен туралы кино түсірген ұяттау. Онанда, қыршын кеткен Бекзатты түсірсеңіз»,- десе, тағынан түсіп кетеді ма екен?
Серік па екен тек медаль алған? 
Дәулет Тұрлыханов, Ермахан Ыбрайымов, Мұхтархан Ділдәбековтей ағалары тұрғанында маған не жорық деуге болады ғой. 
Серік Сапиев үшін мен ұялып отырмын. Қоя берші Сатаевты, оған қаражат бөлінсе болды. Серікке не жоқ деймін де», — деп жазды Бибігүл Дәулетбек Facebook парақшасында.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close