Жаңалықтаржоғары

Рахман Омардың бірінші әйелін өлтірген келіншек 15 жылға сотталды

Биылғы жылдың жаз айында танымал әзілкеш Рахман Омардың бірінші әйелі Гүлдерайым Омарованы пәтер жалдаушы келіншек пышақтап өлтірген болатын.

Пәтер иесін өлтіріп, денесін балконға шығарып қойған Ақтолқын Сүлейменова 15 жыл 6 айға сотталды деп хабарлайды Қазақпарат

Сондай-ақ қылмыскер қаза тапқан Гүлдерайым Омарованың отбасына келтірген моральдық зияны үшін 4 млн шығын төлейтін болса, заңды шығындар үшін мемлекетке 2 млн 154 мың 299 теңге төлеуге міндеттелді.

Ақтолқын Сүлейменова жазасын орташа қылмыстық-атқару жүйесі институтында өтейді. Оның сотталған уақыты қамауға алынған 27 маусымнан бастап есептеледі.

Айта кетейік, жантүршігерлік жағдай 25 маусым күні Алматы қаласында орын алған.

Рахман Омардың әйелі пәтер жалдаушылардан ай сайынғы пәтердің ақысын алуға келген сәтте Ақтолқын Сүлейменова оны мойынан пышақтап өлтірген.

Осыдан кейін Ақтолқын Сүлейменова әйелдің денесін балконға жасырған. Алайда Гүлдерайым Омарованы үлкен ұл ыіздеп келеді. Қылмыскер балконнан анасының аяғын көріп қалған жас жігіттің де көзін жоймақ болған.

Алайда жас жігіт үйдің есігінен шығып үлгеріп, құзырлы органдарға хабарласады. Сол сәтте Ақтолқын Сүлейменова өз-өзіне қол жұмсап, асылып өлуге әрекет жасаған.

 

Сондай-ақ сот отырысында Ақтолқын Сүлейменованың Гүлдерайым Омарованы сегіз жерінен пышақтап өлтіріп, қан іздерін жою үшін марқұмның киімдерін кір машинасына салып тастаған.

Дереккөз: Nur.kz

‡агрузка…

 

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close