Жаңалықтар

Жарнама үшін Әбдіжаппар Әлқожаға айыппұл салынды

Тәртіп сақшылары Әлқожаның концерті болатыны туралы жарнаманың орынсыз жерде орналасқанын анықтаған. Салдарынан қазақ экстрадасының жұлдызына орынсыз жерге афиша ілгені үшін әкімшілік хаттама толтырылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Жедел профилактикалық шара барысында орынсыз жерде ілінген жарнаманы павлодарлық полицейлер анықтаған. Қаланың бір мекемесінің алғы бетінде Әбдіғаппар Әлқожаның концерті туралы жарнама ілінген. Аталған жерге әншінің өкілін шақыртып, жарнаманы алып тастауды талап етіп, кейіннен айппыұл салып әкімшілік хаттама толтырған.

«Бір қарағанда жарнаманы алып тастау оңай сияқты, бірақ оларды алған соң кетіруі қиынға соғатын клейдің іздері қалады. Осындай құқық бұзушылықтарды анықтаған жағдайда жеке тұлғаларға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін, ал заңды тұлғаларға 72150-240500 теңге көлемінде», – дейді Павлодар облысының полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері бұндай жағдай қайталанған жағдайда айыппұл көлемі біршама өсетінін атап өтті.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close