Жаңалықтаржоғары

Рүстем Қайыртайұлы: Ұлттық арнаны «Қабатовстан» дей береміз ау

Танымал айтыскер ақын Рүстем Қайыртайұлы «Қазақстан» Ұлттық арнасын сынға алды.

«Қазір Тұрсынбек Кәкішевтің емес, Тұрсынбек Қабатовтың ғасыры бұл» — деген ақын Ұлттық арнаға өз ренішін білдірді.

«Ұлттық арнаны «Қабатовстан» арнасы деп атай береміз-ау. Бір емес, бірнеше бағдарламасын ең ыңғайлы уақытта көлдей ғып эфирден көрсетеді. Көрсетсін, мақұл, аман болсын. Бірақ, неге айтысты бөрі тартқан тоқтыдай қылып жұлмалайды екен, ә. Әзіл ойдан жоғары, күлкі тағылымнан жоғары болды деген осы міне. Бір айтысымыз шығып еді 40 минуттық айтысты 17 минуттық қылып арасын әкәку-сәкәкумен толтырған да тастаған. Өз сөзімізді өзіміз танымай отырмыз, басқаларға өкпе бар ма…» — деп жазады ақын.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

1 пікір

  1. Рустемнинде созинин жаны бар теледидардан дурыс айтыс коргендей болмайсын толык емес козбен коргендей емес киылып калган, осыдан кейн айтыс кимге кызыкты ешкимнин кызыгушылыгы болмайды. Улттык онерди насихаттап кенинен дамыткымыз келсе ондайды кою керек. Ал Турсынбек жайлы айтар болсам олда акындар сиякты омирден алып айтады шындыкты азилмен жеткизеди халыктын конилинен шыккан артист, ашык шашык кыздырмен,сырга таккан, шашын бояган улдарды коргенше Турсынбектин азилин корген артык

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close