Жаңалықтар

Денис Теннің өліміне қатысты іс сотқа жетті

Денис Теннің өліміне қатысты іс Алматы қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотына келіп түскен деп хабарлайды NUR.KZ.

Sputniknews.kz

Соттың баспасөз қызметі мәліметінше, іс кеше, 13 желтоқсан күні берілген. Судья ретінде Кеңшілік Әбделдинов тағайындалды.

Танымал мәнерлеп сырғанаушының өліміне қатысты іс 38 томнан тұрады. Сот отырысының қашан басталатыны әзірге белгісіз.

Айта кетейік, бұған дейін Денис Теннің көлік ұрыларының қолынан қаза болғаны жөнінде хабарлаған болатынбыз.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close