ЖаңалықтаржоғарыӨткенге шолу

Қазақ эстрадасында мәңгі есте қалатын 5 есім

Жылдар өткен сайын отандық шоу-бизнес дамып, жаңа топтар, жаңа есімдер күн санап қосылуда. Дегенмен, әр тыңдарманның «ностальгиясы», бейнесі есте, әні жүректе мәңгі ұялаған жарық есімдер бар. Сол есімдер тізбегін Жұлдыздар Әлемімен бірге еске түсірейік. 

Батырхан Шүкенов — Қазақстандық және ресейлік эстрада әншісі, сазгер. 1982 жылы саксофоншы ретінде «Арай» тобының құрамына кіреді. Бұл топтың негізін Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева қалаған. «Арай» тобымен қатар жеке шығармашылығымен айналысып, 2000 ж. дейін A`Studio тобының құрамында өнер көрсетеді. Алғаш танымалдылығы да сол топпен және «Джулия» әнімен байланысты.

1993 жылы құрылған «Мюзикола» тобы – қазақ эстрадасындағы ең әдемі, ең сапалы дуэттердің бірі. Топ құрамында әнші-сазгер, актриса Карина Абдуллина мен виртуаз музыкант, гитарашы Болат Сыздықов болды. «Мюзикола» биыл 7 мамырда Болат Сыздықов аяқ астынан дүние салғанға дейін 24 жыл бойы өз тыңдарманын ғажайып әндерімен тербеп келді. Осы 24 жыл ішінде топтың шығармашылық стилі де, құрамы да бірде-бір рет ауысқан жоқ.

2003 жылы  топтың «Между Алматой и Москвой», 2004 жылы «Горький шоколад», 2007 «Певица и саксофон», 2008 жылы «Как всегда» атты альбомдары шықты. Болат пен Карина Қазақстанмен қатар, Қырғызстан, Ресей, Испания, АҚШ, елдеріне танымал.

Рахат Тұрлыханов. 2000-жылдары қазақ эстардасында жарқ еткен жұлдыз «Асыл әже», «Бір тамшы жас» әндерімен хит болған Рахат бір жыл ішінде Рахат Ресей, Бішкек, Ташкент қалаларында жүзден аса жеке ән кешін беріп үлгерген. 2001 жылы «А1» музыкалық арнасы әншіні «Үздік әнші» атады. Ал «Золотая монета» бейнеклипы «Жылдың үздік бейнеклипы» атағына ие болды. 2003 жылы «Голосуй страна» ән байқауында «Үздік ер әнші» атанды. «Жүрек үні» әні үздік әндердің үштігіне кірді.

«АВК» тобы деген есіммен әлі күнге қазақстандықтардың жүрегінде ерекше сақталған. Топты көпшілік америкалық «Boyz II Men» тобымен салыстырған. 2002 жылға дейін үштікте өнер көрсеткен жігіттердің әндері әлі де сұраныста. 
«Нұрлан мен Мұрат» тобы 1996 жылы Атырау қаласында құрылған. Топты көпшілік үздік  топ деп бағалады. Алғаш рет әндеріне қазақша рэп және «Қыз Жібек» операсындағы «Гәкку» ариясын қосты. Тіпті MTV арнасындағы «12 злобных зрителей» бағдарламасында олардың бейнебаяндарын жақсы қабылдады. Әсіресе «Жұлдызым» атты бейнебаяндары көпшіліктің көңілінен шықты. Алайда қазақ рэптері ұзаққа бармады. Кейін танымал «Лейла», «Махаббат» атты әндері шығып, дуэт поп форматқа ауысты. Кейіннен топ тарап, Мұрат «Каспий» тобында өнер көрсетті. Бірнеше жылдан кейін жеке өз шығармашылығын қолға алып, Астана қаласына қоныс аударды.

«Рахат Лукум» тобы шоу-бизнеске келе сала, өзіндік орнын алды. Алғашқы альбомдары дүкенге сатылымға шыққан кезде, бірден сатылып кеткен. Кейіннен топтың алғашқы құрамынан Дана кеткеннен кейін, артынша Ксюша да кетті. Ксюша жеке әнші ретінде Xenia деген атпен шықты. Ал топқа Нұрғайша және Кәмшат есімді екі қыз келді. Жаңа құрамның «Танцы с тенью» атты бейнеклипы бірден көпшілікке ұнады. Нұрғайша скрипкада ойнап, топқа жаңаша стильдегі әндер жазды. Кейіннен Нұрғайша «Ұлытау» тобының мүшесіне айналды. Осындай өзгерістерден кейін топта Ленара, Юлия, Xenon атты қыздар өнер көрсетті.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

1 пікір

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close