Мақпал Исабекова

Фото: yvision.kz
Фото: yvision.kz

Мақпал Әбдіманапқызы Исабекова (21 ақпан 1984 жылы Алматы облысы, Жаркент қаласында туған)

Қазақстандық эстрада әншісі, актриса. Қазақстандық «Super Star» тұңғыш шоу-бағдарламасына қатысып, танымалдылыққа ие болған әнші (меццо-сапрано).

«Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты.

Мақпалдың әкесі – суретші, анасы – психолог. Жанұясында 3 бала. Мақпал үйдің кенжесі. Ол кішкене кезінен әнші болуды армандайды. Анасы айтқанындай, ол әр түрлі әндерді айтатын.  Мектеп арасындағы іс-шараларында ылғи ән айтуға да Мақпалды алады екен.

2002 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педогогика университетіннің финанс-экономикалық факультетке түсті.

1999 жылы «Жас қанат» халықаралық ән байқауында екінші орынды иеленді.

«SuperStar KZ» телевизиялық жоба басталғанда Мақпал аралас-сұрыпта қатысып, бірінші 12 қатысушы қатарына оңай енді. Алайда 7 турдан кейін, 2004 жылы қаңтар айында жобадан шықты.

Содан кейін Мақпал музыкалық продюссер Эрик Тастамбекованың көмегімен кәсіби әншілікке бет бұрды.

Фото: look.tm
Фото: look.tm

2004 жылдан бастап Мақпал Исабекова бірнеше бейнеклиптер түсірді. «Первый поцелуй» (2005) деп аталатын алғашқы альбомы жарыққа шығып, Қазақстанда танымал болды.

Юрмалада жыл сайын өтетін музыкалық фестиваль «Новая волна-2005» байқауына қатысып, 9 орынды місе тұтты. Дегенмен «Көрермендер көзайымы» сыйлығына ие болды (Стефан Ричи дизайны бойынша жасалған үлкен бриллиантпен салынған алтын сақина).

Ақпаратты дайындаған: Юсуф Кисбаев

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close