Басты жаңалықтарЖаңалықтарКино & Театр

Еуропалық «Оскардың» лауреаттары анықталды

Сенбіден жексенбіге қараған түні Берлинде Еуропалық  киноакадемия сыйлығын (Еуропалық «Оскар») марапаттау рәсімі өтті.

upload-2015-12-12T220826Z_1880584841_LR1EBCC1PHRPY_RTRMADP_3_GERMANY-EUROPEAN-FIM-AWARDS-pic905-895x505-68533

Режиссёр Поало Соррентиноның «Жастық шақ»  картинасы үздік атанды. Онда қазіргі зейнеткер, Венециан оркестрінің бұрынғы бас  дирижёрі  туралы баяндалды. «Жастық шақ» трагикомедиясында басты рөлді ойнаған британиялық актер Майкл Кейн «Үздік актер» номинациясын жеңіп алса, фильм режиссері Соррентино «Үздік кинорежиссер» атағына ие болды. Аталмыш марапатқа Соррентино осыдан екі жыл бұрын «Әйгілі сұлулық» фильмі үшін де ие болған. Сонымен қатар «Үздік актриса» деп «45 жыл» фильміндегі британиялық Шарлотта Рэмплингты танылса, Рой Андерссонның «Өмір туралы толғанған көгершін» сатирасы «Үздік еуропалық комедия» атағын алды. «Үздік документалды картина» номинациясына әйгілі әнші Эми Уайнхаустың «Эми» өмірдерегі ие болды.

151213134457__asif_kapadia_624x351_getty_nocredit

Еуропалық  киноакадемия сыйлығын (EFA) марапаттау рәсімі  дәстүр бойынша жыл сайын желтоқсанда өтеді. Шарада жыл қорытындысы бойынша наградалар табыс етіледі.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close