Жаңалықтаржоғары

Қазақ қызының түрік актері Юсуф Чиммен дуэт жазудағы мақсаты не?!

Жуырда Ерке Есмахан мен «Құлпынай иісі» теле-новелласының актеры Юсуф Чимнің орындауында жаңа дуэт жарыққа шықпақ.Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды. Бұл жолы қазақ қызы мен түрік жігітінің жолын тоғыстырып, дәл осы идеяның жүзеге асуына себепкер болған Ләйлә Сұлтанқызы екен…

«Юсуфқа алдында мен Ерке туралы көп ақпарат берген болатынмын. Давайте, Ерке екеуің «Қайда» әнін жазайық деп. Ол Еркенің бүкіл әндерін тыңдап шыққан. «Маған мына ән ұнады, мына әні де күшті екен», — деп біраз уақыт сараптағанбыз»-дейді Сұлтанқызы.

«Құлпынай иісі» сериалының жұлдызы мен Ләйлә ханымның бұл әріптестікті талқылағанына үш айдың жүзі өтіпті. Сұлтанқызының сөзінше, түркі тілдес бауырлардың бірлескен жобасы жемісті болмақ.

Ләйлә Сұлтанқызы,журналист, тележүргізуші:

-Ерке қазіргі уақытта өтірік емес, қаралым жағынан алдыңғы қатарда тұрғандығы. Сол себепті олар да түсініп отыр. Оларға да Қазақстанның аудиториясы керек.

«Сондай-ақ, бұл шығармашылық тандем, Ерке қыздың да халықаралық дәрежедегі әншілермен деңгейлесе өнер көрсетуіне мол мүмкіндік туғызып отыр», — дейді Сұлтанқызы.

«Ерке де жақсы түсініп отыр, ол түрік жігіті арқылы Еуропаға шыға алатынын. Демек, бұл жерде екі жақтың да қызығушылығы бірдей. Бұл жерде Ерке қатты қызығуда, немесе Юсуф қатты қызығуда деп айтуға болмайды. Оларда бірдей түсінік бар да»-дейді Еркені қолдаған Ләйлә.

Юсуфтың Қазақстанға келген сапарында, қос тарап алдағы жоспарды жүзеге асырудың түрлі жолдарын толыққанды қарастырып қойған. Жарыққа шығатын жаңа дуэт 50-50%, яғни, қазақ және түрік тілдерінде жазылатын болыпты.

«Осы жолы Ерке өзі Стамбулға баратын болды. Бұл ән Еркенің де репертуарына кіретін ән болады, дуэттік ән және оның да репертуарына кіретін болады. Ал, ол ән нақты «Қайда» әні болады ма, басқа ән болады ма, оны өздері шешеді»… 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close