Басты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаРепортаждарШоу бизнесӘн сөздеріӘнші

Әйел образымен елді шулатқан Нағима Есқалиеваның ұлы тағы не бүлдірмек?

Күні кеше халық әртісінің ұлы Диас Абылаев жаңа альбомының тұсауын кесті, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Нағима Есқалиеваның ұлы алғаш таныла бастаған жылдары тек ағылшынша ән шырқап, мәтіні мен музыкасын да өзі жазатын. Десе де сегіз жылдың ішінде репертуарында қазақ, орыс тіліндегі туындылардың қатары көбейген. Соңғы уақытта әнші шығармашылығын да мықтап қолға алған. Елдегі қарантинге қарамастан қарқынды еңбек еткен Абылаев, тұңғыш әнжинағының тұсауын кесті.

«Бұл альбом әдейі емес, бірақ 8 жыл дайындалды. Менің шығармашылық жұмысымның нәтижесі деуге болады. Мұнда сегіз жыл ішіндегі көптеген танымал әндер жиналған. Оған қоса алты жаңа туынды  мен  «Бум» да бар», — дейді Диас.

Тұсаукесердің 25 сәуірде өтуінің де өз себебі бар. Бұл күні халық әртісінің тұңғышы төл мерекесін тойлап,  34 жасқа аяқ баспақ. Ал тыңдарман жүрегінен орын ала білген туындыларын топтастырған альбомды Диас, «Өзің бол» деп атауды жөн көріпті.

«Бұл ән жинақтың бір ерекшелігі – үштілділігінде. Яғни, қазақша, орысша және ағылшынша әндер. Егер естеріңізде болса, мен өз мансабымды бастаған кезде тек ағылшынша туындылар орындайтынмын. Сол  дебюттік жұмыстарымды да қостым. Онсыз альбомның сәні кірмес еді», — дейді Абылаев.

Бұл жинақты отандық әрі әлемдік музыкалық платформаларда тыңдауға болады. Диас енді елдегі төтенше жағдай аяқталған соң, жеке ән кешін беруді қолға алмақ. Әзірге жоспар құруда.

«Концерт береміз деп жоспарлағанбыз. Өкінішке орай әлемде орын алған жағдайға байланысты кейінге қалдырылды. Ендігі мерзімі де белгісіз. Әзірге тағы бір бейнебаян түсіріп, жеке кешімді өткіземін деген ойым бар.  Жазда осының бәрін іске асырамыз деген үміттеміз», — дейді әнші.

Дәл қазір тек шығармашылығын басты орынға қойған әнші, халық әртісінің қолын ұзартуға асығар емес. Сүйіктісін де жолықтырмапты. Карантинде өзі ас әзірлеп, жолдастарына түрлі челлендж жолдап жүр.

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close