Жаңалықтар

Эфирдегі корей мен үнді сериалдарын отандық өнімдер алмастырады

Соған сәйкес сапа жағынан артық болмаса, кем түспейтін жобалар жасалып жатыр.

Осылайша, алдағы жылы кемінде 10 отандық сериал көрермен назарына ұсынылады. Бұл жөнінде Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді. Бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекелестігі мен дамуы тақырыбында өткен Парламент Мәжілісінің жиынында отандық журналистикаға қатысты бірнеше көкейтесті мәселе ортаға салынды. Соның бірі осы сериал мәселесі.

Еске сала кетейік, осыдан бірер күн бұрын «Қазмедиа орталығына» келіп, республикалық арналардың жағдайымен танысқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тағылым мен тәрбиеге негізделген туындылардың берері мол екенін айтқан болатын.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі: — Cериалдар түсіріліп жатыр. Келесі жылы 10 шақты сериал түсіреміз. Өте көркем, сапалы және рейтингі өте жоғары болады. Ауылды мекенде, қалада барлығы сол сериалдарды көреді. Сондықтан осы бағытта үлкен жұмыс жүргіземіз.

Дереккөз: 24.kz

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close