Алтынай Жорабаева

Алтынай Құлажанқызы Жорабаева (28.10.1978 жылы туған, Төле би ауданы, Бейнеткеш ауылы)

Фото: ikaz.kz
Фото: ikaz.kz

қазақстандық эстрада әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2006). «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

Өнердегі жолы облыстық «Арай» байқауына қатысып, жүлделі орын алудан басталған. Республикалық жас орындаушылардың «Жас Қанат» байқауының дипломанты (1997), халықаралық «Азия дауысы» фестивалінің жүлдегері (2001) болды.

Бұдан кейін ол халықаралық аренаға шыға бастады. Витебск қаласында (Беларусь Республикасы) өткен «Славян базары» фестивалінде белорус тілінде «Ряченька» әнін орындап, көзге түсті.
2004 жылы Алматыдағы Республика Сарайында оның шығармашылық концерті табысты өтті.

Мысыр елінде өткен 3-ші халықаралық Александрия ән фестивалінің лауреаты (2005).
АҚШ-тың Калифорния штатында өткен орындаушылық шеберліктің әлемдік байқауында 52 елден келген 3 мыңнан астам орындаушылар арасынан үздік шығып, екі алтын алқа мен екі күміс алқа тағынып, қазақ әнін Америка құрлығына танытты (2005).

 

 

Фото: www.kazmusical.kz
Фото: www.kazmusical.kz

Жетістіктері:

2004 жылы — ҚР Үкімітінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты;
2006 жылдың 8 желтоқсанындағы елбасының жарлығы бойынша 28 жасында «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын алған жас әнші.
ОҚО, Қазығұрт және Төле би аудандарының құрметті азаматы.

Жұбайы: актер, Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры Сәбит Әбдіманапұлы Әбдіхалықов.

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақпаратты дайындаған: Юсуф Кисбаев

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close